Қаз 10, 2022 17:36 Asia/Almaty
  • Генерал майор Бағери: Дұшпан Иран халқына қарсы партиялар соғысын бастады

Иран Қарулы күштерінің бас штабы басшысы: «Дұшпан өз мүмкіндіктерін жұмылдырып, ақпарат құралдарының қолдауы арқасында Иран халқына қарсы партиялар соғысын бастады. Патшалық билікті қалайтындар, мұнафықтар мен лаңкестік топтар дұшпанның қолшоқпарына айналып отыр», деді.

Генерал‑майор Бағери Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) туған күні және Бірлік апталығының басталуына орай жасаған мәлімдемесінде ислам халықтары арасында қайшылық тудыру және ислам елдерін Мұхаммедтің (с.ғ.с.) таза исламының ақиқатынан ажырату үшін британдық шиіт пен америкалық сүннитті бір қайшының екі қыры деп атады.

Генерал‑майор Бағери: «Соңғы күндері Иранның кейбір жерлерінде шағын бейберекеттіктердің болуы және дұшпанның діни және ұлттық азшылықтар орналасқан аймақтарға баса назар аударуы дұшпанның Иран халқына қарсы партиялар соғысын бастағанын көрсетеді»,-деді.

 

Тегтер