Иран газы Түркияға қайта экспорттала бастады
https://itolqyn.com/news/iran-i64648
Өткен аптада Иран-Түркия құбыр желісінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тоқтатылған газ экспорты қайта басталды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 10, 2022 18:01 Asia/Almaty
  • Иран газы Түркияға қайта экспорттала бастады

Өткен аптада Иран-Түркия құбыр желісінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тоқтатылған газ экспорты қайта басталды.

Түркия өзін газбен қамтамасыз ету үшін Иран, Әзірбайжан мен Ресейге мұқтаж. Әлемде қуат көздері, соның ішінде мұнай мен газ бағасының өсуі Түркияда отын бағасына әсер етті.

Ираннан Түркияға газ жөнелту жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында алдын ала ескертіліп, 3 қазанда 8 күнге тоқтатылған болатын.