Ислам революциясы жетекшісі: Дұшпанға қарсы тұру жол - табандылық
Ислам революциясы жетекшісі бытыраңқы тәртіпсіздіктерді дұшпанның Иран халқының ұлы және жаңашыл дамулары мен жетістіктеріне қарсы жобасы деп атап: «Дұшпанға қарсы тұру жол - табандылық»,- деді.
Аятолла Хаменеи бүгін (сәрсенбі) Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы және мүшелерімен кездесуінде соңғы оқиғаларда жаудың рөлі мен қатысы баршаға, тіпті бейтарап шетелдік сарапшыларға да түсінікті әрі айқын екенін баса айтып: «Бұл оқиғалар ішкі өз еркінен орын алған жоқ. Әрине, дұшпан кейбір жәйттерді пайдаланған болуы мүмкін. Бірақ дұшпанның үгіт-насихат, санаға әсер ету, толқу тудыру, жігерлендіру, тіпті, тұтандырғыш материалдар жасау жолдарын үйрету сияқты әрекеттері қазір мүлде анық әрі айқын»,- деп тоқталды.
Ислам революциясының жетекшісі: «Иран халқы аз уақыт ішінде әлемнің үстем саясаттарына 180 градус қарама-қайшы қадамдар жасады. Сондықтан олар әрекет етуге мәжбүр болды. Олар жоспарлау және қаржы жұмсау арқылы АҚШ, Еуропа және басқа жерлерден кейбір саясаткерлерді алаңға алып шықты. Бұл зор қозғалыстар Иран халқының діндар екенін және діни құндылықтар мен мәселелерді ұстанатынын және елдің алға жылжуын жылдамдықпен жалғастыратынын көрсетті»,- деп мәлімдеді.
Ислам революциясының жетекшісі миллиондаған жастың Арбағин шеруіне және діни рәсімдерге қатысуын Иран халқының тақуалығы, діндарлығы және үлкен қозғалысының үлгісі деп атап: «Шындығында дұшпан не істерін білмей және ақымақ әрекет жасап, тәртіпсіздікті жоспарлауға мәжбүр болды»,- деді.
Аятолла Хаменеи: «Иран халқы Ислам туын көтеріп, исламдық жүйемен бірге болғанша, бұл дұшпандықтар әртүрлі формада жалғаса береді және дұшпанға қарсы тұру жол - табандылық. Біз Алланың нақты жеңіс туралы уәдесіне және Алланың көмегі бізбен бірге болатынына сенімдіміз»,- деп баса айтты.