Раиси: Иранның сыртқы саясаты – аймақтық және трансаймақтық ұйымдарға көңіл бөлу
https://itolqyn.com/news/iran-i64706
Иран Президенті: «Иранның сыртқы саясаты – аймақтық және трансаймақтық ұйымдарға көңіл бөлу»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 13, 2022 17:49 Asia/Almaty

Иран Президенті: «Иранның сыртқы саясаты – аймақтық және трансаймақтық ұйымдарға көңіл бөлу»,-деді.

Ибраһим Раиси Теһраннан Астанаға аттанбас бұрын Меһрабад әуежайында тілшілерге берген сұхбатында Иранның Азия елдерімен әріптестігін қолайлы мүмкіндік деп атап: «Иран мен Азия елдері арасындағы әріптестіктің нәтижесі аймақтағы бейбітшілік, тұрақтылық, қауіпсіздік пен тыныштық бола алады»,-деді.

Раиси: «Иран көршілестік саясатта бірінші қадамда тұрақты саяси сенім тудырды, ал келесі қадамда Иранның мықты ел ретінде рөл ойнауын көздеп отыр»,-деді.

Иранның атқарушы билігінің басшысы CICA саммиты аясында бірқатар елдердің басшыларымен екіжақты кездесу жоспарланып отырғанын айтып, бұл сапар мен саммит ИИР-дің сыртқы саясаты мен экономикалық ынтымақтастығы үшін сәтті болатынына үміт білдірді.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (CICA) – Азияда бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты кепілдендіру мақсатында әріптестікті нығайту үшін құрылған халықаралық ұйым.