Қаз 13, 2022 19:01 Asia/Almaty
  • Аятолла Жәннати: Әлемдік үстемшілдердің есебін жою жолы – азаттық сүюшілердің бірлігін сақтау

Иран Конституциялық кеңесінің хатшысы: «Әлемдік үстемшілдер барша мұсылмандардың бірлігіне ғана қарсы емес, әлемдегі бүкіл азаттық сүюшілердің бірлігіне жау болып отыр. Әлемдік үстемшілдердің сұрқия есебін жою жолы – азаттық сүюшілердің бірлігін сақтау»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла Ахмад Жәннати сәрсенбі күні Конституциялық кеңестің отырысында Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) туған күні және Бірлік апталығымен құттықтап, әлемдегі, әсіресе Ислам үмбетінің қиындықтары мен түйткілдерінің шешім жолын Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) илаһи тағылымдарына қайта оралу деп атап: «Ақиқат пен әділет талап ету, әлсіздерді қорғау және зұлымдармен күресу – Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) жолының ең маңызды тармақтары»,-деді.

Иран Конституциялық кеңесінің хатшысы: «Ислам әлемі өзін Құран тағылымдарымен сәйкестендіріп, туындаған бұрмалаушылықтарды жойғаннан кейін әлемге жетекшіліктің тура жолын көрсетуі керек»,-деді.

Тегтер