Раиси Ирактың жаңа президентінің сайлануымен құттықтады
(last modified Fri, 14 Oct 2022 12:02:10 GMT )
Қаз 14, 2022 18:02 Asia/Almaty
  • Раиси Ирактың  жаңа президентінің сайлануымен құттықтады

ИИР президенті Ирак үкіметі мен халқын Ирак президенті болып сайлануымен құттықтады.

 

Кеше Ирак парламентінде өткен президенттік сайлауда осы елдің президенті болып Ирак Күрдістаны патриоттық одағы партиясынан Абдулатиф Рашид сайланды. Иран президенті Ибрахим Раиси бейсенбі күні кешке Абдулатиф Рашидтің Ирак президенті болып сайлануымен құттықтау жолдауында бұл елдің жаңа үкіметінің Ирактың өсіп-өркендеуі жолында қадамдар жасап, Теһран мен Бағдад арасындағы қарым-қатынастарды кеңейтіп, тереңдетініне  үміт білдірді. Раиси: «Иран әрқашан халықтың дауысына негізделген Ирактың саяси процесін қолдап, Иракпен бауырластық қарым-қатынастарын кеңейтуге талпыныс жасап келеді»,- деді.

Тегтер