Қаз 14, 2022 20:33 Asia/Almaty
  • Әлемдегі ең үлкен шафран сауда келісімі Ираннан Катарға жіберілді

Дүниежүзіндегі ең үлкен шафран сауда келісімінің алғашқы жөнелтілімі Ираннан Катарға жіберілді.

 

200 тонна ирандық шафранды Катарға экспорттау және өндіру туралы келісім-шарт жасалғаннан кейін осы келісім-шарттың бірінші жөнелтімі  осы елге өңдеуге жіберілді.

Иран атауы әлемдік нарықта «шафран» атауымен байланыстырылды.   Ирандық шафранды импорттамайтын ел аз кездеседі.  Иран әлемдегі шафранның бірінші және ең ірі өндірушісі және экспорттаушысы болып табылады.

Дүниежүзіндегі шафранның 90 пайыздан астамы Иранда өндіріледі және Иран бұл өнімді әлемдік нарыққа негізгі жеткізуші болып табылады.

Тегтер