2022 жылы Иранның ағымдағы шоттарының сальдосы 21 млрд долларға жетті
Қаз 16, 2022 22:28 Asia/Almaty
Дүниежүзілік қаржы қоры 2022 жылы Иранның ағымдағы шоттары сальдосының 21 млрд долларға жеткенін хабарлады. Иранның жалпы ішкі өнімінің құны биылғы сатып алу қабілетінің көрсеткіші негізінде 1 трлн 599 млрд доллар деп есептелінді.
Дүниежүзілік қаржы қорының жаңа болжамына сәйкес, Иранның жалпы ішкі өнімі биылғы сатып алу қабілетінің көрсеткіші негізінде өткен жылмен салыстырғанда 150 млрд долларға өскен. 2021 жылы Иранның жалпы ішкі өнімінің құны осы көрсеткіш негізінде 1 трлн 449 млрд доллар деп есептелген болатын.
Осылайша Иранның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі сатып алу қабілеті көрсеткішінің негізінде 2021 жылғы 17082 доллардан 18663 долларға артатын болады.
Тегтер