Иран мәжілісінің төрағасы «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын орындауды қуаттады
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын орындауды қуаттады.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Теһранда «Батыс Азияның геосаяси өзгерістері» атты ұлттық форумда сөйлеген сөзінде: «Батыстықтарға сенім артуға болмайды. Егер олар өз міндеттемелерін орындамаса, ислам республикасы өз құралдарымен оларды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға мәжбүрлейді. Ядролық мәселеде ирандықтар парасатты әрекет жасады, өйткені көптеген мәселелер, соның ішінде Иранның уран байыту ісі тұрақтандырылды. Осы әрекетпен батыстықтар өздерінің жасанды іс-қағаздарын амалсыздан жапты» деді.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы аймақ жағдайы мен лаңкестіктің қаупі туралы айтқан сөзінде батыстықтардың лаңкестікпен күресте шынайы еместіктерін қуаттап: «Бүгінде Американың итаршылары тарапынан қалыптасқан аймақ түйткілдерінің бірі негізсіз мазхабтық соғыс болып табылады. Аймақ елдері де америкалықтарға осы салада оның мақсаты бағытында көмек көрсетті. Америкалықтар мен Батыс елдері аймақ елдерінің байлығы мен мұнайын тонауды мақсат етеді» деді.