Қаз 18, 2022 19:51 Asia/Almaty
  •  Киш INOX 2022 – Иранның ең ірі экономикалық оқиғасы

Иранның оңтүстігіндегі Хормозган облысының Киш аралында 14-ші инвестициялық мүмкіндіктерді енгізу көрмесі және 9-шы халықаралық қор биржасы, банк, сақтандыру және жекешелендіру көрмесі (INOX 2022) өтуде.

 

Киш INOX 2022  Ирандағы ең ірі экономикалық оқиғалардың бірі болып табылады. 250-ге жуық жеке және мемлекеттік компаниялар соңғы қаржылық жетістіктерін 14-ші инвестициялық мүмкіндіктер көрмесінде және 9-шы Киш халықаралық қор биржасы, банк, сақтандыру және жекешелендіру көрмесінде көрсетті.

Бұл мамандандырылған экономикалық іс-шара және қаржылық инновациялар экономикалық белсенділерді, студенттерді және әртүрлі экономикалық және қаржылық компаниялардың өкілдерін 2022 жылдың 17-20 қазан аралығында төрт күн бойы Киш аралындағы халықаралық конгресс орталығында жинайды.

 

 

Тегтер