Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері Иран халқынан Ислам революциясы жеңісінің жылдығына орай өткізілген 22 бахман шеруіне үлгі етерліктей жаппай қатысқаны үшін ризалық білдірді.
Казем Седдиқи Теһран жұма намазының құтпаларында: «Биылғы 22 бахман күнгі шаралар да исламдық Иран үшін мақтан тұтарлықтай болды, өйткені әлем елдеріне Иран халқының Ислам революциясының жеңісіне қуанатынын тағы көрсетті» ,-деп қуаттады.
Иран халқы 22 бахманда Ислам республикасының жүйесін қорғап, үстемшілдермен күресуге белді бекем буып отырғанын және имам Хомейнидің арман-мақсаттары мен Иран Ислам революциясы жетекшісінің нұсқауларынан ешқашан алшақтамайтынын, оған табандылық танытанын дәлелдеді»,-деп баса айтты.
Теһран жұма намазының уақытша құтпагері, сондай-ақ, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесінің алдағы сайлауына тоқталып: «Орындалмайтын уәделермен сайлауда жеңіске жетуге тырысатын адамдар халықты алдай алмайды. Биылғы сайлаулар басқа сайлаулар сияқты Иран халқының жаппай қатысуымен өтіп, баршаны қанағаттандыратын болады»,-деп қуаттады.
Седдиқи, сондай-ақ, аймақтық елдерде, әсіресе Йемен, Сирия, Бахрейн мен Иракта орын алып жатқан қақтығыстар мен қантөгістерге алаңдаушылық танытып, бұл елдерде соғыс аяқталып, тәкфирлік-лаңкестік топтар жойылып, қауіпсіздік пен тыныштықтың орнайтындығына үміт білдірді.