Қаз 20, 2022 18:56 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі исламдық Иранның жарқын болашағына сенеді

Ислам революциясының жетекшісі Иранның соңғы 40 жылдағы жетістіктерін батысшылдардың талдауымен салыстырғанда революцияшылдардың әлем туралы сараптамасының дұрыстығының дәлелі деп атады.

Аятолла Хаменеи сәрсенбі күні жүздеген жас дарын және үздік ғалымдармен кездесуінде соңғы 40 жылда талантты студенттердің Иранның абыройын көтергенін айтып: «Барша жұрт, әсіресе ықпалды әрі жауапты тұлғалар ғылыми дарындарды елдің ең маңызды байлығы санап, оларды қолдауы керек. Дарындар өздерінің қарым-қабілетін елдің даму капиталына айналдыруы тиіс»,-деді.

Аятолла Хаменеи елдегі дарындар мен ғалымдардың қол жеткізген жетістіктеріне, «Руйан» зерттеу институтының діңгекті жазушалар мен тірі жануарды клондау сияқты салалардағы жетістіктеріне, биохимия саласындағы, жерсеріктерін ғарышқа ұшыру және атом өнеркәсібіндегі, коронавирусқа қарсы вакцина сияқты күрделі вакциналарды өндіру және зымыран мен ұшқышсыз ұшақтар жасау өнеркәсібіндегі жетістіктерге тоқталды.

Иран Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін тәуелділікті азайту жолында әрекет етті. Қазіргі таңда кейбір экономикалық көрсеткіштер, соның ішінде жалпы ішкі өнімнің артуы және санкциялық жағдайда қол жеткізілген индустриялық, ядролық, әуе-ғарыштық және ғылыми жетістіктер исламдық Иранның дұшпан алдындағы сәттіліктерін көрсетеді.

ИИР-дың мақтаныштарының бірі – елдің ғылыми саладағы белсенділігі. Халықаралық ғылыми ортаның мәліметіне сәйкес, Иранда ғылыми дамудың жылдамдығы әлемдегі ғылыми дамудың орташа жылдамдығынан 11 есе артық. Мысалы, 1998 жылы Иранның әлемде ғылым өндірудегі үлесі 0,07 пайыз болса, 2020 жылы 2 пайызға жетті. Яғни Иранның әлемде ғылым өндірудегі үлесі тұрғындар санымен салыстырғанда 2 еседен артық.

Діңгекті жазушаларды зерттеу және технология жасау саласында Иран әлемдегі үздік 10 елдің қатарында. Ирандық зерттеушілер бұл салада айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олар тіпті діңгекті жазушаларды ми, сүйек, тері және жүректің зақым көрген талшықтарын емдеуге пайдаланды. Сондай-ақ Исфахандағы «Руйан» зерттеу институтында діңгекті жазушаларды клондады.

Нано және лазер саласындағы құнды жетістіктер – Ислам революциясынан кейінгі Иранның ғылыми және технологиялық дамуының нәтижесі. Нано ғылымы әлемде үлкен өзгерістер тудырды. «Web Science» сайтының 2017 жылы жариялаған мақаласына сәйкес, Иран 8791 мақала ұсынып, әлемде нано ғылымы мен технологиясы тұрғысынан төртінші орын алды.

Жаңа өнеркәсіп салаларының дамуында айтарлықтай үлесі бар ядролық технология да исламдық Иранның назарында. Соңғы жылдарда  Иранның ядролық ғалымдары елдің ғылыми-зерттеу орталықтарында көп қолданылатын түрлі өнімдер өндіре алды. Мысалы, ирандық ғалымдар обырды анықтау және емдеу саласында маңызды жаңалықтарға қол жеткізді. Жуырда олар клиникалық сынақ кезеңіне жетеді. Иран бұл салада әлем бойынша 5 үздік елдің қатарында.  

ИИР сондай-ақ өткен 40 жылда  ғарыш саласында да үлкен жетістіктерге жетті. Соңғы жылдарда жергілікті жерсеріктерді ұшыру ғарыш саласындағы дамудың символы саналады. Қазіргі таңда Иран жерсерік технологиясының толық цикліне ие 10 елдің қатарына кіреді.  

 

Тегтер