Раиси: Өткен жылы экспорт 40 пайызға өсті
(last modified Sat, 22 Oct 2022 12:52:08 GMT )
Қаз 22, 2022 18:52 Asia/Almaty
  • Раиси: Өткен жылы экспорт 40 пайызға өсті

ИИР Президенті экспорттың 40 пайыздық өсімін Иранның экономикалық белсенділерінің экспортты дамытудағы табандылығының белгісі деп бағалады.

ИИР Президенті Ибрахим Раиси сенбі күні Теһрандағы Ұлттық экспорт күні салтанатында: «ИИР-ның  тауар және ақша айналымы мен аймақ экономикасының транзитіндегі үлесін ұстану керек. Иранда экономикалық өсу мен өндіріс үшін инфрақұрылымдар бар және бұл жолдағы кейбір кедергілер жойылып, экономикалық белсенділер өздерінің ерік-жігері мен жақындасуымен осы жолда қадамдар жасауы керек»,- деді. Иран Президенті сауданың дамуына сәйкес шекаралық нарықтардың белсендірілуіне тоқталып: «Экспорттаушылардың экономикалық мәселелерін шешу үкіметтің негізгі шараларының бірі болып, мемлекет қайраткерлері мен Ислам кеңесінің өкілдері Иранның мұнай және шикізаттық емес өндірісі мен экспортын арттыруға бел байлады»,- деп мәлімдеді. Раиси Иранның экономикалық өсімінің дұшпандарды ызаландырып, санкциялардың жалғасуы экономикалық өсуді тоқтатып, Иранды тұтынушы елге айналдыруді көздейтінін мәлімдеді. Ол: «Дұшпан Иран экономикасының өркендеуін қаламайды, сондықтан қауіпсіздік пен бейберекетсіздікті қолдайды»,- деді.