Қаз 27, 2022 21:16 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Дұшпандар Иранда қауіпсіздікті бұзу үшін көпқырлы жоба жасады

Иран Сыртқы істер министрі: «Шаһшырақ» кесенесіндегі лаңкестік шабуыл Иранда террор мен қатыгездікті қолдап отырғандардың сұрқия пиғылын көрсетті»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан бейсенбі күні Инстаграмдағы жеке парақшасында: «ИИР елдің ұлттық мүддесі мен қауіпсіздігін лаңкестер мен адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын шетелдік араласушылардың ойыншығына айналуына жол бермейтіні анық»,-деп жазды.

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Насер Канани Чафи де Твиттердегі жеке парақшасында Ширазда болған лаңкестік оқиғаға тоқталып: «Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар сырттай гуманистік сөздерінің астарында қатыгездік жасалып, Иран халқының жермен-жексен етілуін тілеп отыр»,-деді.

ДАИШ сәрсенбі күні Ширазда Шаһшырақ кесенесіне қарулы шабуыл жасап, 15 адам, соның ішінде  2 баланы шәһид етіп, 27 зияратшыны жаралады.

БҰҰ мен әлемнің түрлі елдері ДАИШ мойнына алған бұл лаңкестік шабуылды айыптады.  

Тегтер