Қаз 29, 2022 19:51 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: «Адамдар әрқашан өздерінің қатысуларымен АҚШ-ты қорлады және имам Хомейнидің (р.а.) пікірі бойынша Американың ешбір қателік жасай алмайтынын бірнеше рет дәлелдеді»,- деп қуаттады.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, генерал-майор Хұсейн Салами бүгін, сенбі күні Шираздағы Шаһшырақ (ғ.с.) кесенесінде болған лаңкестік оқиғаның шәһидтерін жерлеу рәсімінде Иранның бір топ мазлұм халқының шәһид болуына көңіл айтып осы айуандық қылмысты қатаң айыптай отырып: «Ұлы Ислам революциясы алданған азғантай адамдардың зұлымдығынан ешқашан зардап шекпейді»,- деді. Сақшылар корпусының бас қолбасшысы соңғы қастандық пен тәртіпсіздіктерді сионистік режимнің жемісі деп атап: «Олар өткен 43 жылда халықтан үлкен жеңіліске ұшырады. Қылмыскер АҚШ, сионистік режим және әл-Сауд шаршап, жеңіліске ұшырап, аяулы Иранның алыс елдердегі ықпалы мен саяси және рухани қуатын көріп, Иран халқын жеңе алмайтындарын түсінді және бірінен соң бірі жеңіліске ұшырағаннан кейін ел жастарына зиянын тигізуді ойлады»,- деп тоқталды.

 

Тегтер