Қар 02, 2022 16:45 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы ақырында үстемшілердің барлық әскери және ақпарат құралдарымен халықтардың еркіне бағынатынын қуаттады.  

 

IRNA-ның хабарлауы бойынша,  Мұхаммад Бақер Қалибаф  парламенттің бүгінгі (сәрсенбі) ашық отырысында 13 абан - Әлемдік үстемшілермен күресу және тыңшылық ұясын бағындыру ұлттық күнінің келуіне тоқталып, студенттер күнімен құттықтап: « Үстемшілер ақыр аяғында барлық әскери және ақпарат құралдарымен халықтардың еркіне бағынады деген илаһи уәде. Әлем АҚШ-сыз бұдан да әдемі жер»,- деді. Қалибаф: «Ирандықтар 1358 жылы 13 абанда Америка елшілігін басып алу арқылы бұл елде төңкеріс дәуірінің аяқталғанын және халықтардың еркіне қарсы үстемшілік күшінің дауылға қарсы ұшатын қауырсын сияқты екенін дәлелдеді»,- деп мәлімдеді. Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы елдегі соңғы тәртіпсіздіктерге тоқталып: «Жақында болған оқиғаларда АҚШ пен олардың тыңшылық желісі мен қастық жасаушылар күрделі және ерекше жоспар құрды, бірақ бұл жолы да хабардар Иран халқы туралы бұрынғыдай қателесті»,- деп баса айтты.

 

 

Тегтер