Иран басшылары дұшпандардың қастандықтарына қырағы болу керегін баса айтты
Иранның үш билік органының басшылары дұшпандардың қоқан-лоққылары мен қастандықтарына барынша қырағы болып, жалдамалылардың сұрқия пиғылдары мен іріткі салуына қарсы шығу керегін баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның үш билік органы басшыларының жиналысы сенбі күні атқарушы орган басшысы Ибрахим Раиси, заң шығарушы орган басшысы Мұхаммед Бағер Қалибаф және сот органының басшысы Ғұлам Хұсейн Мохсени Ежеидің қатысуымен өтті.
Иранның үш билік органының басшылары осы жиналысында әлемдік үстемшілдікке қарсы күрес күніне орай өткен рәсімге исламдық Иран халқының жаппай қатысқанына алғыс айтып, ұлттық тілеулестік жариялап, дұшпандардың қоқан-лоққылары мен қастандықтарына барынша қырағы болып, жалдамалылардың сұрқия пиғылдары мен іріткі салуына қарсы тұру керегін айтты.
Үш билік органы басшыларының жиналысында Иранда бүлік пен тынышсыздықтар тудырғандардың ісін қарастыруды жылдамдатып, оларды жазалау керегі айтылды.