Қар 07, 2022 22:24 Asia/Almaty

Иран армиясы әуе-қорғаныс күштерінің қолбасшысы: "Бавар 373" кешені радарға ілікпейтін қырғи ұшақтар мен ұшқышсыз ұшақтарды аулай алады",-деді.

Жексенбі күні Иранда "Бавар 373" кешені мен "Сайяд-В4" зымыраны сыналды.

"Бавар-373" кешені радарының анықтау қашықтығы 350 км-ден 450 км-ге, қақтығысу қашықтығы 260 км-ден 400 км-ге жоғарылатылды.

Иран армиясы әуе-қорғаныс күштерінің қолбасшысы бригада генералы Әлиреза Саббахифард "Бавар 373" кешені ислам республикасын әлемде 300 км ұзақтыққа арналған осындай жоғары қабілетке ие кешені бар екінші елге айналдырғанын айтып: "Бұл кешен әлемнің барлық қырғи ұшақтарымен қақтығыса алумен қоса, радарға ілікпейтін бесінші буынды қырғи ұшақтармен де қақтығыса алады",-деді.  

Тегтер