Теһран жұма намазының құтпалары
https://itolqyn.com/news/iran-i6538
Теһран жұма намазының құтпагері Америкадағы Иранның 2 млрд долларын тәркілеуін әшкере ұрлық әрі халықаралық заңбұзушылық деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 30, 2016 16:25 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Америкадағы Иранның 2 млрд долларын тәркілеуін әшкере ұрлық әрі халықаралық заңбұзушылық деп атады.

Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Ахмад Хатами АҚШ Жоғарғы Сотының Америкадағы Иранның 2 млрд долларын тәркілеу шешіміне тоқталып: "ИИР-ның басшылары Иранның мал-мүлкін тонауға және Американың аталмыш елге тиесілі байлығын иемденуге ешқашан жол бермейді", - деп баса айтты.

Сонымен қатар, аятолла Ахмад Хатами ирандық қажылардың биыл қажылыққа баруына тыйым салу үшін Сауд Арабиясы қайраткерлерінің іріткі салу әрекеттерінің жалғасуын баса айтып: "Мекке мен Медине – Ислам әлемінің маңызды қалалары. Әл-Сауд режимінің ирандық қажыларға Исламның осы қасиетті қалаларына кіруіне тыйым салуға құқығы жоқ" деді.

Аятолла Ахмад Хатами Сауд Арабиясының аймақтағы елдерге қатысты саясаттарын сынға алып: "Әл-Сауд режимі Израильдің сионистік режимі тарапынан оның мүдделерін қорғап, Йеменде соғыс отын өршітіп, Бахрейнде қылмыстық әрекеттер жасауда. Сондай-ақ ол Сириядағы лаңкестік топтарға қолдау көрсетуде", - деп баса айтты.

Теһран жұма намазының уақытша имамы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын іске асырудағы АҚШ-тың іріткі салу әрекеттеріне тоқталып: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы Иранның сыртқы саясатында көрініс тапқан бір құбылыс болып табылады. Оған қол жеткізуде ирандық қайраткерлер шын ниеттерімен талпыныс жасап, көп күш жұмсады. Алайда Америка жалған уәделер беру және өз міндеттемелерін орындамауды жалғастыруымен "Ортақ қадам" жан-жақты бағадарламасының іске асуына тосқауыл болып отыр",-деп мәлімдеді.