Қалибаф Ирандағы жаңа ДАИШ-тың құрылуына батыл қарсы тұруды қуаттады
Иран Ислам Кеңесінің Төрағасы соңғы тәртіпсіздіктерде жараланған полиция қызметкерлерін аралау кезінде Ирандағы жаңа ДАИШ-тың құрылуына қарсы шешуші шаралар қолданылатынын қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Бақер Қалибаф дүйсенбі күні кешке Теһрандағы «Валиаср» ауруханасында жараланған бірнеше полиция қызметкерін аралап, хал-жайларын сұрап: «Дұшпанның наразылықтарды тәртіпсіздік пен қылмысқа айналдырып, жаңа ДАИШ құруды көздеп отырғаны уақыт өте айқын бола бастады. Сондықтан халық жазықсыз адамдардың өмірі мен мүлкіне қол сұғып, ДАИШ сияқты қылмысты бейнероликтерін мақтанышпен жариялағандарға қарсы шешуші және орынды шара қолдануды талап етуде»,- деді.