Қар 10, 2022 19:25 Asia/Almaty
  • Сардар Хаджизаде: Иран әуе қорғаныс кешендеріне қарсы тұру үшін гиперсоникалық баллистикалық зымыран жасады

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы дамыған гиперсоникалық баллистикалық зымыран жасалғанын хабарлады. Ол әуе қорғаныс кешендерінің тұзағына түспей өте алады.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы сардар Амир Әли Хаджизаде бейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: "Иранда жасалған гиперсоникалық баллистикалық зымыранның жылдамдығы жоғары. Ол барлық әуе қорғаныс кешендерінен аман өте алады, атмосферада және одан жоғары жерде маневр жасай алады",-деді.

Сардар Хаджизаде: "Бұл зымыран дұшпанның әуе қорғаныс кешендерін нысанаға алады. Бұл зымыран жасау саласында бір үлкен қадам болып отыр",-деді.

Гиперсоникалық жүйелер қозғалыс кезінде жоғары маневр жасау қабілетіне ие болғандықтан дұшпанға сес көрсете алады.

Бұл зымырандар жоғары жылдамдықпен ұшып келе жатып, бағытын өзгерте алады. Сөйтіп ізге түсу мен әрекетін болжауды қиындатады.

Тегтер