Қар 12, 2022 14:06 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы: Иранның зымырандық қуаты жергілікті және тежеуші болып табылады

Теһран жұма намазының имамы Иранның зымыран өнеркәсібін жергілікті етуі Ислам республикасының тежеу ​​күшінің дамуына әкелгенін қуаттады.

 

Fars news агенттігінің хабарлауынша, ходжат-ул-ислам уәл-мүслимин  Сейд Мұхаммад Хасан Әбуторабифард  кеше Теһрандағы жұма намазының уағыздарында Ислам революциясы Сақшылар корпусының зымырандық бөлімшесінің қолбасшысын шәһид Хасан Теһрани Моқадамды  Иран зымырандарының мақтаныш, көрнекті және жарқын тұлғасы деп атап: «бүгінгі күні әлемдегі барлық бар зымырандық қорғаныс жүйелерінен өту мүмкіндігі бар  Жер атмосферасының ішінде және сыртында  басқарылатын баллистикалық зымыранды жасау -  Иран Ислам Республикасының күш-қуатының ішкі құрылысы мен оның тежеуіш қорғаныс күшін жетілдірудегі бетбұрыс кезеңі»,- деді. Теһран жұма намазының имамы сондай-ақ  дұшпандардың жікке бөлу әрекетіне қарсы халықтың әртүрлі топтарының қырағы болуы қажеттігін қуаттады.

 

Тегтер