Иранның қауіпсіздігін қорғаған шәһидтердің жанұялары Ислам революциясы жетекшісінің өкілімен кездесті
Қар 14, 2022 20:14 Asia/Almaty
Иранның Захедан қаласында елдің қауіпсіздігін қорғау жолында шәһид болғандар мен жарақат алғандардың жанұялары Ислам революциясы жетекшісінің өкілімен кездесіп, сұхбаттасты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясы жетекшісінің өкілі Мұхаммед Джавад Хадж Әлиакбари жексенбі күні кешке осы кездесуде: "Шәһидтер біз қауіпсіздікте өмір сүру үшін исламдық Иранды қорғауға бар күшін салды, тіпті жанпида етті",-деді.
Хадж Әлиакбари: "Шәһид болу Иран қоғамы мәдениетінің бір бөлігіне айналды",-деді.
Осы кездесуден бұрын Иранның Захедан қаласындағы Мәки мешітінің жамағат имамы Абдулхамид Исмаил Зехи Ислам революциясы жетекшісінің өкілімен кездескен болатын.
Тегтер