Иран азиялық клиенттерге сататын мұнайдың ресми бағасын өсірді
Иран ұлттық мұнай компаниясы азиялық клиенттерге желтоқсан айында сататын шикі мұнайдың ресми бағасын өсірді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ұлттық мұнай компаниясының халықаралық істер жөніндегі басшысы желтоқсан айында жеңіл шикі мұнай бағасын 5 доллар 35 центке, ауыр шикі мұнай бағасын 1 доллар 85 центке және "Форузан" мұнайы бағасын 1 доллар 95 центке өсіріп, Оман мен Дубайдағы мұнайдың орташа бағасынан жоғарырақ қойды.
Оман мен Дубайдағы мұнайдың орташа бағасы Батыс Азиядағы шикі мұнайдың базалық бағасы саналады.
OPEC-тің қосалқы мағлұматтарына сәйкес, Иран 2022 жылдың тамыз айында мұнай өндірісін күніне 5 мың баррельге арттырған.
Иран тамыз айында күніне 2 млн 572 мың баррель мұнай өндірді.