Ислам революциясының жетекшісі: Шәһид болу құндылықтар жиынтығын қамтиды
(last modified Thu, 17 Nov 2022 11:52:24 GMT )
Қар 17, 2022 17:52 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Шәһид болу құндылықтар жиынтығын қамтиды

Ислам революциясының жетекшісі: "Шәһид болу ұлттық, діни, адами және ақлақтық құндылықтар жиынтығын қамтиды",-деді.

Аятолла Хаменеи 30 қазанда өткен Құм шәһидтері конгресін ұйымдастырушылармен кездесуінде: "Шәһидтерді есте сақтап, олардың жолдауына көңіл аудару Құмды "көтерілу және намаз оқу" қаласына айналдырды",-деді. Бұл ақпарат бүгін, бейсенбі Құмдағы форумдар орталығында жарияланды.

Аятолла Хаменеи шәһид болудың ұлттық, діни, адами және ақлақтық құндылықтар жиынтығын қамтитынын айтып: "Шәһид – шынайы иман, дұрыс ғамал мен Құдай жолында джиһадтың символы. Ол ұлттық болмысты нығайтады. Мысалы, бүгінде шәһидтер мен олардың ата-аналарының жанпидалығы Иран халқының нығаюына себеп болып отыр",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі шәһид болуды Құдаймен қарым-қатынас және ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету деп атап: "Шәһид болу – тәспінің жібіндей жанашырлықтың бастауы. Ол елдегі түрлі этностар мен тілдерді бір-бірімен байланыстырады. Әр қалада басқа отандастарымен бірге бір мақсатта, яғни ислам мен исламдық Иранды нығайту үшін бір сапқа тұрып, шәһид боған адамдардың есімдері айшықталып, ел есінде сақталған",-деді.

Тегтер