Қар 17, 2022 19:51 Asia/Almaty
  • Сардар Салами: Дұшпанның Иранды бөлшектеуге қатысты сұрқия түсі орындалмайды

Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "АҚШ ирандық жастардың көшеде өліп, халықтың ұнжырғасы түсіп, Иранның бөлшектелуін қалайды. Дұшпанның бұл сұрқия түсі ешқашан орындалмайды. Өйткені Иран халқы мықты әрі төзімді",-деді.

Сардар Хұсейн Салами Құм облысының 6090 шәһидіне арналған ұлттық конгрестің қорытынды отырысында: "АҚШ Иран қалаларының көшелерін от пен түтінге толы көргісі келеді, аспанға ғарыш кемесін ұшырмауымызды қалайды. Кедей әрі дәрменсіз болуымызды көксейді. Науқастардың дәрі-дәрмектерге қол жеткізе алмауын тілейді",-деді.

Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Иран бүгінде әлемдік алпауытқа айналу алдында тұр. Үкімет ештеңеге алаңдамайды. Дұшпандардың қастандықтары мен қиындықтарынан аман-сау өтеді",-деді.  

Тегтер