Қар 18, 2022 19:04 Asia/Almaty
  • Санандадждағы бүлікшілердің бүлдіргі әрекеттері

Бір топ бүлікші Иранның батысындағы Күрдістан облысының орталығы Санандадж қаласында қоғамдық мүлікке зиян келтірді.

Санандадждағы бүлікшілер кеше, бейсенбі күні бірнеше резеңке жағып, жол-көлік белгілеріне зиян келтіріп, тіпті ағаштарды сындырды.

Полиция қызметкерлері халықты таратуға тырысты, бірақ кейбір бүлікшілер тас лақтырып, полициямен қақтығысты.  

Осы арада бүлікшілер Санандаджда бірнеше жеңіл көлікті өртеп жіберді, Мұхаммади зиратының баспалдақтарын қиратып, ғимараттың бір бөлігін сындырды.

Осы қақтығыстарда Күрдістан облысының полиция қызметкері полковник Хұсейн Юсефи бүлікшілердің суық қаруы соққысынан шәһид болды.

№18 полиция бөлімшесінің басшысы да бүлікшілердің пышағынан жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді.

Қазір тәртіп күштерінің талпынысымен Санандадж қаласында тыныштық орнатылды.

Тегтер