Иран Президенті Макран жағалауын дамыту керегін айтты
(last modified Thu, 24 Nov 2022 12:52:25 GMT )
Қар 24, 2022 18:52 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Макран жағалауын дамыту керегін айтты

Иран Президенті: "Иранның жасырын қазынасы саналатын Макран жағалауын дамытып, гүлдендіру айрықша маңызды",-деді.

Раиси алғашқы ұлттық жерді пайдалануды жоспарлау форумына жолдау жіберіп: "Иранның Парсы шығанағы, Оңтүстік Азия, Орта Азия және Кавказ аймақтары түйіскен жерде орналасуы Еуропа елдері мен Каспий маңы елдерінің Иран арқылы Үнді мұхитына шығып, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты елдеріне қол жеткізуіне мүмкіндік беріп отыр. Сол себепті Иран саяси-экономикалық және жаһандық қауіпсіздік салаларында айрықша әлеуетке ие",-деді.

Бүгін бейсенбі Теһранда теңіз, жағалау және айлақтарды дамыту мақсатында алғашқы ұлттық жерді пайдалануды жоспарлау форумы өтті. Саяси-географиялық артықшылықтарды пайдалану, нақты және потенциалды  артықшылықтарды ескере отырып жерді пайдалануды жоспарлау және оның басты бағыттарын орындау осы форумның мақсаттары болды.