Раиси: Дұшпанның санкцияларына қарамастан Иранның мұнай және мұнайдан тыс өнімдері тоқтаусыз экспортталып жатыр
https://itolqyn.com/news/iran-i65756-Раиси_Дұшпанның_санкцияларына_қарамастан_Иранның_мұнай_және_мұнайдан_тыс_өнімдері_тоқтаусыз_экспортталып_жатыр
Иран Президенті: "Дұшпанның санкцияларына қарамастан Иранның мұнай және мұнайдан тыс өнімдері тоқтаусыз экспортталып жатыр",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 24, 2022 19:05 Asia/Almaty
  • Раиси: Дұшпанның санкцияларына қарамастан Иранның мұнай және мұнайдан тыс өнімдері тоқтаусыз экспортталып жатыр

Иран Президенті: "Дұшпанның санкцияларына қарамастан Иранның мұнай және мұнайдан тыс өнімдері тоқтаусыз экспортталып жатыр",-деді.

Раиси Теһранның оңтүстігіндегі Исламшахр халқының алдында сөйлеген сөзінде: "Дұшпанның талап-тілектері, қоқан-лоққысы мен санкцияларына қарамастан, Иран халқының талпынысы арқасында қазіргі таңда еліміз экономика, өндіріс пен қоғамдық қызметтер сияқты түрлі салаларда дамып жатыр",-деді.

Раиси: "Иран жастарының талпыныстарының арқасында елдің өнеркәсіп орталықтары санкцияларға қарамай, жұмыс істеп жатыр. Және қорғаныс, ғылым, технология және нанотехнология салаларында жақсы жетістіктерге қол жеткізілді. ИИР-дің ғылым саласында әлемдік деңгейде мақтанарлық жетістіктері  көп",-деді.