Джаһангири: Иран мұнайдың әлемдік нарығында өз үлесін сақтап қалуы керек
ИИР президентінің бірінші орынбасары әлемдік нарықта Иран мұнайының үлесін сақтап қалуға мүдделілік танытты.
ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири Теһранда үздік кәсіп иелерін марапаттау рәсімінде Иранның мол мұрсаттар мен мүмкіндіктерге ие екенін айтып, Иранның мұнай экспортын бір милллион үш жүз мың баррелге ұлғайтуды «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы қалыптастырған мүмкіндік деп атап, экспорт көлемінің алдағы бірнеше айда бір миллион 500 мың баррелге жететінін мәлімдеді.
Иранның екі миллион баррель мұнай экспорттауға шамасы бар екендігіне сілтеме жасаған Джаһангири: «Иран үкіметі нақты жоспар құру арқылы ішкі нарықты сақтаумен қоса әлем елдерімен әріптестікте болуға талпыныс жасайды.
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін санкцияға байланысты бұғатталған мұнай сатылымынан туындаған қаржы қоры босатылып, Иранның ықтиярына беріліп, жұмыс орындарын қалыптастыруға және сыртқы ресурстарды тартуға көптеген мұрсат қалыптастырды» деді.