Раиси: Макран жағалауы – Иранның стратегиялық аймағы
Қар 27, 2022 17:19 Asia/Almaty
Иран Президенті Макран жағалауының теңіз саудасындағы маңызына тоқталып: "Бұл өңір еліміздің стратегиялық аймағына айнала алады",-деді.
Ибрахим Раиси жексенбі күні Джасак айлағы халқымен кездесуінде: "Макран жағалауы Иран үшін өндірісі дамыған сауда-экономикалық орталыққа айнала алады",-деді.
Раиси:"Макран жағалауы Иранның стратегиялық маңызды сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және туристік аймаққа айналуға қажетті әлеуетке ие",-деді.
Иран Президенті жексенбі күні Хормозган облысына барар алдында Джасак өнірін әуеден тамашалап, Макран жағалауының стратегиялық аудандарымен танысты.
Тегтер