Қар 28, 2022 20:28 Asia/Almaty
  • Иранның солтүстік-батысында

Иранның солтүстік-батысында "International" лаңкестік ақпарат арнасының белді мүшесі анықталып, ұсталды.

"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштеріне қарасты Хамза гарнизонының баспасөз қызметі: "Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан облысының Хой ауданында "International" лаңкестік ақпарат арнасының белді мүшесі анықталып, ұсталды",-деп хабарлады.  

Хой ауданында болған тынышсыздықтарда әлеуметтік желілерде көптеген хабарлама жазып, адамдарды қауіпсіздікке қарсы әрекеттер жасауға арандатып, осы ауданның қауіпсіздігін бұзуды көздеген "International" лаңкестік ақпарат арнасының белді мүшесі бір күрделі барлау амалы барысында анықталып, құрықталды.  

Тегтер