Иранның бүкіл күштерінің қолбасшысы: Теңіздің мол әлеуеті мен мүмкіндіктерін пайдалану керек
(last modified Mon, 28 Nov 2022 16:42:58 GMT )
Қар 28, 2022 22:42 Asia/Almaty
  • Иранның бүкіл күштерінің қолбасшысы: Теңіздің мол әлеуеті мен мүмкіндіктерін пайдалану керек

Иранның бүкіл күштерінің қолбасшысы аятолла Хаменеи дүйсенбі күні ел армиясы теңіз күштерінің қолбасшыларымен кездесуінде: "Теңіздің мол әлеуеті мен мүмкіндіктерін пайдалану елде жалпы мәдениетке айналуы тиіс",-деп баса атйты.

Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 азар (28 қараша) Теңіз күштері күніне орай өткен кездесуде аятолла Хаменеи теңіз күштерінде жауынгерлік қабілетті жан-жақты арттырып, қорғаныс құралдарын көбейтіп, алыс жатқан халықаралық суларда кеме қатынасын жалғастыру керегін айтып: "Қарулы күштердің үкімет және басқа органдармен байланыстарын нығайту өзара түсіністік, әріптестік пен іс-қимылды іргерілетуге көмектеседі",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі бағзы заманда ирандықтардың теңіз арқылы исламдық-ирандық мәдениет пен өркениетті басқа аймақтарға таратқанын айтып: "Иранның солтүстігі мен оңтүстігінде ұзын жағалаулардың барына қарамастан, елде теңіз мүмкіндіктерін пайдалану мәдениеті қалыптаспаған. Бұл халықтың жалпы мәдениетіне айналуы тиіс",-деп еске салды.

Аятолла Хаменеи осы салада мәдениет қалыптастырып, негізгі инфрақұрылым ретінде теңізге қатысты жалпы түсінік тудыру керегін айтып: "Өткен бірнеше жылда Макран жағалауын дамыту туралы сөз қозғалды. Үкімет оны қолдады, бірақ бұл салада шынайы ілгерілеу үшін тиісті мәдениет қалыптастыру керек",-деді.