Раиси Ирак Премьер-министрін күтіп алды
Қар 29, 2022 17:02 Asia/Almaty
Иран Ислам Республикасының Президенті Теһрандағы Саадабад тарихи-мәдени кешенінде Ирак Премьер-министрін ресми түрде қарсы алды.
Ирак Премьер-министрі бүгін, сейсенбі күні саяси және экономикалық делегацияның басында ИИР қайраткерлерімен сөйлесу үшін Теһранға келді.
Әл-Суданиді ресми қарсы алу рәсімі ИИР Президенті Ибрахим Раисидің қатысуымен Теһрандағы Саадабад мәдени кешенінде өтті. Бұл Ирак Премьер-министрі Мұхаммад Шиа әл-Суданидің премьер-министр қызметіне кіріскеннен кейінгі Иранға жасаған алғашқы сапары. Батыс Азиядағы араб елдерінің ішінде Ирак Иранмен мәдени және діни жақындығы ең жоғары ел.
Тегтер