Жел 02, 2022 21:29 Asia/Almaty

Бүгін, жұма, 2 желтоқсан – Жангал қозғалысының күрескер басшысы Мырза Кучекханды еске алу күні.

Мырза Кучекхан Жангали деген атпен танымал Мырза Юнес 1880 жылы 12 қазанда Гилян облысының орталығы Решт қаласының Устадсара ауданында дүниеге келген.

Мырза Кучекхан Жангали – Иранды бөгде күштерден азат ету үшін елдің солтүстігінде үлкен қозғалыс бастаған күрескер дінбасы. Ол ақтық демі қалғанша үстемшілдермен күресті. Патшалық Ресей мен Англияға бағынбай, Иранда алғашқы халықтық республиканың негізін қалады.

Мырза Кучекхан Жангали Иранның тәуелсіздігі мен азаттығына қол жеткізу үшін нағыз халықтық қозғалыстардың бірін басқарды.    

Мырза Кучекхан Жангали патшаның диктаторлық жүйесі мен бөгде күштерге қарсы бірнеше жыл күресіп, соғысқаннан кейін 1921 жылы 2 желтоқсанда Талеш тауларында боранда қалып, қаза тапты.  

Тегтер