Иран БҰҰ-ның Йемен дағдарысын доғару жолындағы талпыныстарын қолдайды
(last modified Sat, 13 Feb 2016 13:59:37 GMT )
Ақп 13, 2016 19:59 Asia/Almaty
  • Иран БҰҰ-ның Йемен дағдарысын доғару жолындағы талпыныстарын қолдайды

Иран Сыртқы істер министрінің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары ислам республикасының БҰҰ бас хатшысының Йемен ісі жөніндегі өкілінің талпыныстарын қолдауды жалғастыратынын қуаттады.

Иран СІМ-нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Хосейн Әмир Абдоллаһиян БҰҰ- ның бас хатшысы Пан Ги Муннің Йемен ісі жөніндегі өкілі Исмаил Валад әш- Шейх Ахмадпен телефон арқылы сұхбаттасуында Теһранның БҰҰ- ның Йемен дағдарысын доғару жолындағы талпыныстарын қолдайтынын білдірумен қоса, саяси шешім жолдарын табуға және соғысты тоқтатып, йемендік тараптардың келіссөзін бастау үшін көбірек әрекеттену қажеттілігін қуаттап: «Йемендегі адами ахуал әскери шабуылдардың жалғасуы және оның бүлдіргі әсерлерінің салдарынан күннен күнге көңіл алаңдатып, лаңкестік топтар Йеменнің оңтүстігінде өрістеп жатыр» деді.

БҰҰ бас хатшысының Йемен ісі жөніндегі өкілі Исмаил Валад әш-Шейх Ахмад та телефон арқылы болған осы сұхбатта Иранның лаңкестікпен күресу жөніндегі сындарлы ұстанымдарын қолдап: «БҰҰ- ның Йемендегі саяси келіссөздерді көздеген талпыныстарының жаңа кезеңі басталды. Келіссөздер жуырда қайтадан басталады» деді.