Әзірбайжан басшылары әзірбайжан тіліндегі Сахар арнасына қарсы бүлдіргі әрекет жасады
(last modified Mon, 12 Dec 2022 16:24:47 GMT )
Жел 12, 2022 22:24 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан басшылары әзірбайжан тіліндегі Сахар арнасына қарсы бүлдіргі әрекет жасады

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты әзірбайжан тіліндегі Сахар арнасы мен әлеуметтік желілерде "Хейдар Әлиев" атты деректі фильмнің анонсы таралғаннан кейін осы арнаның парақшаларына шабуыл жасалып, оның YouTube каналы жабылды.

Сахар халықаралық арнасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ильхам Әлиев Иранның аумақтық тұтастығына қарсы ішкі іске араласушы сөздер айтып, тату көршілестік принципіне қайшы әрекетте сионистердің қолдауына арқа сүйеп, мемлекеттік ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді Иранға қарсы жұмылдырды.

Осыдан кейін әзірбайжан тіліндегі Сахар арнасы "Хейдар Әлиев" атты деректі фильмді көрсетілім кестесіне енгізуге шешім қабылдады.

Айғақтар мен куәлерге негізделген "Хейдар Әлиев" атты деректі фильм Әлиевтер мен Пашаевтар әулеттерінің Иранға қарсы саясатын әшкерелейді.

Әзірбайжан үкіметінің "Хейдар Әлиев" атты деректі фильмінің көрсетілуінен қорыққаны соншалықты, оны таратпау үшін ешбір істен тайынбайды.

"Хейдар Әлиев" атты деректі фильм 11-12 желтоқсанда  әзірбайжан тіліндегі Сахар арнасынан көрсетіледі.