Ежеи: Иран халқының қырағылы дұшпандардың қастандықтарын залалсыздандырды
Иранның Жоғары сот төрағасы дұшпанның Иранға қарсы өте ауыр жан-жақты жарнамалық-психологиялық соғыс жүргізіп жатқанын айтып: "Халықтың қырағылы дұшпандардың қастандықтарын залалсыздандырды",-деді.
Ғұламхұсейн Мохсени Ежеи бейсенбі күні Занджанның сот басқармасының судьялары және қызметкерлерімен кездесуінде: "Дұшпан Иранда тұрақсыз жағдай тудыра аламыз деп ойлады. Тіпті бүліктер мен бейберекеттіктерден кейін кейбір облыстарға қысымдарды арттыру арқылы бірқатар мәселе тудырды. Бірақ халықтың қырағылығының арқасында дұшпан қастандықтарының басым бөлігі залалсыздандырылды",-деді.
Иранның Жоғары сот төрағасы сондай-ақ дұшпандардың ИИР жүйесінің ықпалды органдары, соның ішінде Сот органы, Сақшылар корпусы мен Басидж ұйымына шабуыл жасап, қысымды арттыруға тырысып жатқанына тоқталып: "Қазіргі таңда ИИР құрылымында қай орган мен мекеме ықпалдырақ болса, көбіне сол орган үстемшілдердің шабуылы мен санкциясына ұшырайды",-деді.