Шәһид моулави Абдулвахид Ригидің жанұясы Ислам революциясының жетекшісіне алғыс айтты
Хаш қаласындағы имам Хұсейн (ғ.) мешітінің имамы моулави Абдулвахид Ригидің жанұясы Ислам революциясы жетекшісінің көңіл айтқанына алғыс білдірді.
Систан мен Белуджистан облысындағы танымал молдалардың бірі болған имам Абдулвахид Риги 8 желтоқсанда белгісіз адамдар тарапынан ұрланып, шәһид болды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Шәһид моулави Абдулвахид Ригидің жанұясының хатында: "Осы лаңкестік оқиға орын алған сәттен бастап барлық күш-қабілетін салып, күні-түні тынбай іздеп террор жасаған негізгі үш адамды анықтап, қамауға алған Систан мен Белуджистан облысының қамтамасыз ету кеңесі, қауіпсіздік пен тәртіп күштері, үш билік басшылары мен Ислам революциясының жетекшісіне алғыс жариялаймыз",-делінген.