Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Fri, 16 Dec 2022 16:39:15 GMT )
Жел 16, 2022 22:39 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "Үш арал – исламдық Иранның мәңгі ажырағысыз бөлігі. Біз өзіміздің аумақтық тұтастығымыз жайлы ешкіммен саудаласып тұрмаймыз, қатаң жауап береміз",-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһран жұма намазының құтпагері сейіт Ахмад Хатами осы жұмадағы құтпада Қытай Президентінің жуырда Сауд Арабиясына сапары барысында Иранның үш аралына қатысты қате пікір айтқанына тоқталып: "Иран Қытайдан өз позициясын өзгертуді талап етеді. Біз Иранның аумақтық тұтастығына қатысты салада ешкіммен саудаласып тұрмаймыз, қатаң қатынас көрсетеміз",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың Иранды БҰҰ-дағы әйелдер істері комиссиясынан шығаруға талпынғанына тоқталып: "Бұл да АҚШ-тың қара істерінің бірі. Халық АҚШ-тың осындай әрекеттерінің жиынтығынан жиренеді",-деді.

Аятолла Хатами: "Исламдық Иран әйелге зор құрметпен қарайды. Шынайы азаттық осында, исламдық жүйеде. АҚШ сіздерді арандатып отырған нәрсе – құлдық. АҚШ-қа болмысынан айырылған әйел керек. Тек исламдық жүйеде әйелдер адамға лайықты өмір сүреді. Олардың ұраны алдамшы да айқын. Олар  азғындық бостандығын қалайды",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ Еуроодақтың қара ісіне тоқталып: "Еуроодақ соңғы онжылдықта АҚШ-тың отары сияқты әрекет етті. АҚШ не айтса, соны істеді. Бала мен әйел өлтіргіш сионистік режимді ұдайы қолдайтын адамдар адам құқығын бұзудың алғы шебінде жүреді",-деді.