Амир Абдуллахиан: Израиль режимі аймақ қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді
https://itolqyn.com/news/iran-i66274
Иран Сыртқы істер министрі сионистік режимді жалған әрі заңсыз режим және аймақтың қауіпсіздігіне үлкен қатер деп санады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 17, 2022 18:35 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Израиль режимі аймақ қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді

Иран Сыртқы істер министрі сионистік режимді жалған әрі заңсыз режим және аймақтың қауіпсіздігіне үлкен қатер деп санады.

Хұсейн Амир Абдуллахиан Twitter парақшасында жалған және заңсыз әрі қылмыскер Израиль режимінің жүздеген ядролық оқтұмсықтары бар екеніне назар аудартып: «Тель-Авив – біздің ортақ аймағымыздың қауіпсіздігіне елеулі қатер. Болашақ Палестинаның халқына тиесілі екені сөзсіз»,- деп баса айтты. Бірнеше күн бұрын Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Чафи Twitter парақшасында АҚШ, Англия, Франция және Германияны сионистік режимнің қылмыстары үшін жауапты деп тауып: «Бұл режимдер жауап беруі керек»,- деді.