Иранда күнделікті 3 миллион баррель мұнай өндіріледі
(last modified Wed, 21 Dec 2022 10:21:02 GMT )
Жел 21, 2022 16:21 Asia/Almaty

Иранның Мұнай министрі елде күнделікті шамамен 3 миллион баррель мұнай өндірілетінін хабарлады.

Халықаралық валюта қоры 2022 жылы Иран экономикасының 10 макроэкономикалық көрсеткішін зерттеп, Иран экономикасының мұнай және шикізаттық емес секторының 3 пайыздық өсімін, мұнай өндіру мен экспортының артқанын, инфляция деңгейінің төмендеуін және Иранның ағымдағы шотындағы теңгерім ағымдағы жылы үш есе өскенін мәлімдеді. Иранның газ өндірісі де соңғы жылдары АҚШ санкцияларына қарамастан өсу үрдісін жалғастырды.

Иранның Мұнай министрі Джавад Оджи бүгінгі (сәрсенбі) үкімет отырысында: «Мұнай өндіру саласында біз күнделікті 3 миллион баррель мұнай ұсынамыз»,- деді. Ол ондай-ақ жеңіл мұнай өндіру туралы: «Орын алған бастамалармен тәуліктік өнімділік 200 мың баррельге артты»,- деп айтты.