Батыс Ираннан жаңа құдыреттің өсіп келе жатқанын мойындайды
https://itolqyn.com/news/iran-i66384
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы дұшпанның ИИР-ның өсіп келе жатқан күш екенін және бұл күштің дұшпанның қалауымен қайшы келетінін түсінгенін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 22, 2022 18:35 Asia/Almaty
  • Батыс Ираннан жаңа құдыреттің өсіп келе жатқанын мойындайды

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы дұшпанның ИИР-ның өсіп келе жатқан күш екенін және бұл күштің дұшпанның қалауымен қайшы келетінін түсінгенін қуаттады.

 

Генерал-майор Хұсейн Салами кеше (сәрсенбі) Имам Хұсейн (ғ.с.) атындағы университетінің жетекші зерттеушілерін құрметтеу және жасанды интеллект зертханасы мен осы университеттің басқа да жетістіктерін таныстыру конференциясында: «Біз ғылым мен өнердің құралдары мен технологиясын әлемді билеу үшін пайдаланған және осы құралдармен ИИР кішірейту, шектеу және тоқтату үшін жұмыс істеп жатқандармен бетпе-бет келіп отырмыз»,- деді.

Жас журналистер клубының мәліметінше, Сардар Салами Иранның әлемдегі жағдайына тоқталып: «Исламдық Иран залым және алдамшы күштерге қарсы тұрды, осы себепті дұшпан далаға шықты. Олардың мақсаты - ИИР-ның жүйесін тоқтату, оны өз бақылауына алу, географияны өзгерту және қарым-қатынастарды өз идеалдары негізінде реттеу»,- деп мәлімдеді.