Жел 26, 2022 13:57 Asia/Almaty
  • Иранның Сыртқы істер министрлігі әлем және Иран христиандарын Исаның (ғ.с.) туған күнімен құттықтады

Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі әлем және Иран христиандарын Исаның (ғ.с.) туған күнімен құттықтады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Чафи өзінің Twitter парақшасында Исаның (ғ.с.) берекелі туған күнімен және алдын ала Жаңа жылдың басталуымен әлемнің барлық христиандарын құттықтады.  Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы хазірет Исаның (ғ.с.) шынайы ізбасарларының барлығына бақыт пен береке тіледі.

2022 жылдың 25 желтоқсаны, жексенбі – Иса Мәсіхтің (ғ.с.) туған күні. Иса Мәсіх (ғ.с.) – Құран Кәрімде жоғары мәртебеге ие болған Алланың ұлық пайғамбарларының бірі.

Тегтер