Иран президенті әлемдік еңбекшілер күніне орай баяндама жасады
ИИР президенті дипломаттардың еңбегінің арқасында бір үлкен бөгеттің Иран халқының алдынан алынып, «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы халыққа кемелдікке жету бағытында жол ашты деді.
ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні Иранның стансалық жобаларының басқармасы «Мина» компаниясында өткен әлемдік еңбекшілер күнін атап өту рәсімінде сөйлеген сөзінде: ««Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасына барлық халық арқылы ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің жол нұсқауларымен қол жеткізілді.
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының күшіне енгізілуімен мұнай және оның өнімдерін экспорттау күніне бір миллион 200 мың баррельден 2 миллион 300 мың баррельге жетіп, ақша аударымдарына жол ашылды.
Бүгінде «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының арқасында үлкен кемелердің көрші елдердің жағалауына тоқтауы және тауарларды қайықпен Иран жағалауына жеткізіп, әр контейнер үшін халықтың қалтасынан 700 доллар төленудің орнына кемелер енді Иранның теңіз айлақтарына келеді.
Бүгінде шетелдік инвестиция үшін жол ашылған. Өндіріс пен еңбек байлық пен технологиясыз жүзеге аспайды. Ілімге негізделген экономикасыз «Мина» атты мақтанышқа толы компания қалыптаспайды» деді.