Жел 27, 2022 19:32 Asia/Almaty
  • Раиси: Хазірет Фатиманың (ғ.с.) уағыздары түсіндіру жиһадының көрінісі болды

ИИР Президенті хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) уағыздарымен рия бетіндегі масканы алып тастағанын айтып: «Хазірет Фатима (ғ.с.)-ның уағыздары түсіндіру жиһадының көрінісі болды»,- деді.

Раиси мырза Теһрандағы қасиетті қорғаныстың белгісіз шәһидтерін жерлеу рәсімінде елдегі соңғы тәртіпсіздіктерге тоқталып: «Соңғы оқиғаларда бар күшін салып,  үстемшіл ағымдардың бәрі алаңға шықты және алаңға шықпағандары да қауесет таратып, халықтан үміт алып, ислам қоғамын басқа жаққа бұрғысы келді»,- деп мәлімдеді. ИИР Президенті сондай-ақ исламдық Иранның Ислам революциясының жетекшісінің басшылығымен ілгерілеу мен даму бағытында қадам басып келе жатқанын қуаттап: «Дұшпанның ашуының себебі осы ілгерлеулер болып табылады.  Дұшпандардың Ислам республикасына қарсы барлық талпыныстары ұятты түрде сәтсіздікке ұшырады»,- деп айтты. Раиси алданғандарға халық құшағы ашық екенін, бірақ сатқындарға аяушылық көрсетпейтінін баса айтып: «Дұшпан Иранның ілгерілеуіне жол бермеу үшін бар күшін пайдаланды, бірақ бүгінде олар барлық талпыныстарының сәтсіз болғанын мойындап отыр»,- деді.

 

 

Тегтер