Жел 27, 2022 19:34 Asia/Almaty
  • Қасиетті қорғаныстың белгісіз 400 шәһиді  жерленді

Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні қасиетті қорғаныстың белгісіз 400 шәһиді Теһранда және бүкіл Исламдық Иранның түкпір-түкпірінде жерленді.

 

Осы шәһидтердің 200-і бүгін Теһранда астана халқының қатысуымен жерленді. Бұл шәһидтер көбіне «Бадр», «Рамазан», «Бейт әл-Мұқадас», «Кербала 5»,   «Кербала 6» және «Әл-Фаджр 1» операцияларымен байланысты.

Сегіз жылдық қасиетті қорғаныс шейіттерінің қасиетті денелері өткен аптада елге әкелінді.

1980 жылы 22 қыркүйекте Ирактың диктаторы Саддам режимінің басқыншы армиясы жаһандық үстемшілердің көмегімен Иран Ислам Республикасының жаңадан қалыптасып келе жатқан жүйесін құлату мақсатында исламдық Иранға қарсы ауқымды соғыс ашты. Бұл соғыс сегіз жылға созылды.   

 

Тегтер