Канани Чафи: Сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне көмектеспейді
(last modified Wed, 28 Dec 2022 07:32:04 GMT )
Жел 28, 2022 13:32 Asia/Almaty
  • Канани Чафи: Сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне көмектеспейді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Араб және ислам елдерінің сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне және Палестина халқының құқықтарын қайтаруға көмектеспейді»,- деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Насер Канани Чафи і кеше сейсенбі күні аймақтағы кейбір елдердің сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру туралы сұраққа жауап беріп, Иранның сионистік режимге және оның  заңсыз болмысына қатысты ұстанымы айқын екеніне тоқталып: «Араб және ислам елдерінің бұл режиммен қарым-қатынастарын дамыту және қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке және Палестина халқының құқықтарын жүзеге асыруға ықпал етпейді деп есептейміз,- деп мәлімдеді. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Палестина халқының сионистік режиммен қарым-қатынастардың қалыпқа келуін қолдамайтынына сілтеме жасап: «Аймақ халықтары кейбір араб және исламдық үкіметтердің сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіруді құптамайтынын және қабылдамайтынын көрсетті»,- деді.