Ирандық ауыр атлет әлемдік рейтингте бірінші орында орналасты
(last modified Wed, 28 Dec 2022 07:54:31 GMT )
Жел 28, 2022 13:54 Asia/Almaty
  • Ирандық ауыр атлет әлемдік рейтингте бірінші орында орналасты

Ирандық спортшы 2022 жылы ауыр атлетикадан әлемдік рейтингте көш бастап тұр.

«Фарс» ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабары бойынша, 2022 жылғы ауыр атлетиканың әлемдік рейтингі ресми түрде жарияланды және бұл рейтингте ирандық спортшылар да бар. Ирандық ауыр атлет Расул Мотамеди жарақатына байланысты жақында  Колумбияда өткен әлем чемпионатына қатыспағанына қарамастан, 102 келіде жалпы рекорды 400 келімен әлемдік рейтингтің көш басында тұр. Сондай-ақ Иранның тағы бір зілтеміршісі Алиреза Моини 89 жастар санатында жалпы 357 келімен екінші орында тұрса, 96 жастар арасында 348 келімен алтыншы орында тұр. Расул Мотамеди салмағын уақытша өзгертіп, 109 келіде  жалпы саны 397 келіні тіркеп, әлемдік рейтингке үшінші орынға көтерілді.