Дей айының 9-ы - «Қырағылық және халықтың діни билікке адалдығын білдірген күннің» мәлімдемесі
Дей айының 9-ы - «Қырағылық және халықтың діни билікке адалдығын білдірген күннің» қорытынды мәлімдемесі Теһран халқының алдында оқылды.
Кеше, бейсенбі күні Теһранның Имам Хұсейн алаңында астана халқы мен қауіпсіздікті қорғаған шәһидтер отбасы мүшелерінің қатысуымен 9 дей халық ерлігі мен генерал-лейтенант Қасым Сүлейманидің шәһид болуының жылдығын еске алу рәсімі өтті.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, 9-шы дей қорытынды мәлімдемесінде былай деп айтылды: «Илаһи 9-шы дей күні ұлы Иран халқының қырағылық, парасат, діни билік пен илаһи күш-қуат саласындағы жеңісі мен мақтанышының мерейтойы. Жау шақыруларының сәтсіздігі айқынырақ болды. Тұрақсыздандырудың бастау ретіндегі көшедегі тәртіпсіздіктер жобасы тығырыққа тірелді, бірақ басқа бұліктер біткен жоқ».